Қордай ауданында толассыз жаңбыр соңы тасқынға ұласты
Жамбыл облысы Қордай ауданында таудан тасқын жүріп, дүлей дауыл тұрды. Су басу салдарынан Бетқайнар ауылдық округінде 700-ге жуық ұсақ мал, 10 бас жылқыны су ағызып әкеткен. Алайда әкімдік мал өлекселері табылмады деп отыр. Тасқын толассыз жаңбырдан кейін пайда болған. Тілсіз жау Соғанды-Бетқайнар автожолының көпірін бұзып өткен. Әкімдік мәліметінше, үйлерге су кірмеген. Алайда жойқын желден Соғанды ауылында жарық жоқ. Беріктас елді мекенінде 200-ден астам үй мен 2 әлеуметтік нысан газсыз отыр. Ал секундына 43 метр жылдамдықпен соққан желден ауыл тұрғыны ауруханаға түсті. Оның үстіне ескі сарайдың қабырғасы құлаған. Қазір ауданда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09