Елімізде геологиялық барлау жүргізетін зертхана құрылуы мүмкін
Елде геологиялық барлау жүргізетін және кендегі пайдалы қазбалардың құрамын анықтайтын арнайы зертхана құрылуы мүмкін. Бұл туралы Шығысқа іс-сапармен барған Сенат депутаты айтты. Шәкәрім Бұқтұғұтов Казцинк металлургиялық кешенінің тыныс-тіршілігімен танысты. Қазақстан бойынша алтынның 80 пайызын осы серіктестік өндіреді. Қазір жер қойнауын пайдаланушылар кен үлгілерін шетелдік зертханаларға жіберуге мәжбүр. Сондықтан пайдалы қазбаға бай Қазақстан үшін зертхана мәселесін бір жолға қою маңызды екенін айтты.
Шәкәрім Бұқтұғұтов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Депутаттар аталмыш мәселені Үкімет деңгейінде көтеріп келеді. Бұл ретте тағы бір мәселе тұсау болып тұр, ол – әлсіз ақпараттық база. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылға дейін 2,2 миллион шаршы шақырым аумаққа геологиялық барлау жүргізу қажет. Себебі бұл - ел экономикасын дамытудың кепілі.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда тәрбиелік-спорттық іс-шара өтті
17.09.2026, 17:25
Алматы облысында көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
17.09.2026, 17:22
Балық өсірушілерге субсидия беріле бастады
17.09.2026, 17:20
Ірі су қоймаларда м³57,9 млрд су жиналған
17.09.2026, 17:17
Ел жаңалықтарына шолу
17.09.2026, 17:15
Қазақ ғалымдары Менделеев кестесінің элементін шығармақ
17.09.2026, 17:12
Блефаропластикадан кейін әйелдің бір көзі көрмей қалған
17.09.2026, 17:10
Алматыдағы 820 пәтер иелері кооперативінің 118-і ғана тіркеуден өткен
17.09.2026, 17:07