Жасанды интеллект тұжырымдамасы қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасанды интеллект тұжырымдамасы қабылданды

16.07.2024

2030 жылға қарай жасанды интеллектіні қолдану арқылы жаһандық ішкі жалпы өнім 14%-ға артуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан Премьер-министрі 5 жылда жасанды интеллект арқылы жасалған өнімдер санын 5 есе өсіру керек,-деді. Үкімет отырысында тұжырымдама қабылданып, инфрақұрылым құру, деректерді өңдеу орталықтарын салу, суперкомпьютерді іске қосу үшін тіл моделін әзірлеу және Ұлттық жасанды интеллект платформасын ашу мәселесі пысықталды. Бұған дейін Президент стратегиялық құжат әзірлеуді тапсырған еді. Заң жобасы Мәжілісте жатыр. Ал саланы дамыту үшін білікті мамандар қажет. Демек білім беру бағдарламаларының, жасанды интеллект бойынша пәндердің үлесі артуы тиіс. Бұл тұтастай экономикаға мультипликативтік әсер береді,-деді Олжас Бектенов.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу