Қазақстанда қоқыс өңдейтін бірнеше зауыт іске қосылады
Келер жылы Қазақстанда қоқыс өңдейтін бірнеше жоба іске қосылады. Экология және табиғи ресурстар министрлігі осылай деп отыр. Бүгінде инвесторлар ұсынған 37 жоба мақұлданған. 22 кәсіпкермен келісім жасалып, жұмыс басталып кетті. Ел бойынша шығарылатын қатты тұрмыстық қалдықтарды толық кәдеге жарату үшін 94 түрлі жобаны іске асыру қажет екен. Ал «Жасыл даму» компаниясына жиналған қаржы 14 түрлі бағытта жұмсалады. Олардың бірі - осы экологиялық зауыттарды іске қосу. Сондықтан Экология министрлігі утилизациялық алымды қысқарту ұсынысына қарсы. Қазіргі бастамалар бірнеше жылдан кейін нәтижесін көрсетеді, - дейді вице-министрі Жомарт Әлиев.
Жомарт Әлиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:
Келер жылдан бастап біз бұл жобалардың нәтижесін көре бастаймыз. Бекітілген жобалар бойынша келер жылы жаңа зауыттар іске қосылады. Бүгінде Қазақстандағы қатты қалдықтардың 24 пайызы ғана сұрыпталып, өңделеді десек, келер жылдың аяғына дейін жағдай түбегейлі өзгереді. Осылайша біз барлық өңірлерде қайта өңдеу жобаларын іске асырмақпыз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістің бастауы
23.01.2026, 21:09
60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
23.01.2026, 20:39
Спорт саласының мамандары біліктілігін арттырып жатыр
23.01.2026, 20:34
Тұрғындар ауылдың дербес бюджеті болғанын қолдайды
23.01.2026, 20:30
Президент: Мәдени мұраларымыз жаһандық деңгейде танылуы тиіс
23.01.2026, 20:29
Жекеменшік мектептерді қаржыландыру қалай реттелмек?
23.01.2026, 20:20
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квота саны артты
23.01.2026, 20:17
Ауданның инфрақұрылымын дамытуға 61,8 млрд теңге инвестиция тартылды
23.01.2026, 20:16