Қазақстанда су пайдаланудың ережелерін енгізген жөн - Мамандар
Су тапшылығын болдырмау үшін тиісті заңға «су қолдану нормасын» енгізу қажет. Сала мамандар осындай ұсыныс айтып отыр. Себебі елде 10 жылдан кейін тіршілік нәрі жетпей, жер асты суларын пайдалануымыз мүмкін деген болжам бар.
Бір адам күніне шамамен 200-300 литр суды жаратады. Оңды-солды пайдаланады. Тіршілік нәрін үнемдеуді үйренбесек, 10 жылдан кейін суға зәру болуымыз мүмкін,-дейді Мәжіліс депутаты.
Сергей Пономарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
БҰҰ болжамынша 50 жылдан кейін су тапшылығына байланысты өңіраралық соғыс болуы мүмкін. Қазір кейбір елдер ертеңін ойлап, арнайы су сақтайтын резервуарлар салынуда. Мұндай қауіп әлем елдерінің бәрінде болған соң әрбір азамат суды ұтымды пайданаланғаны жөн. Бүгінде Қазақстанның кей өңірінде су жетіспеушілігі байқалады.
Тіршілік нәрінің жетіспеушілігін болдырмау үшін пайдаланылған суды қайта өңдеу ісін қолға алып, бұл бағытта жұмысты күшейту керек дейді, - сала мамандары. Сондай-ақ Су кодексінде «су қолдану нормасын» енгізу маңызды.
Бақберген Керей, «Байтақ» жасылдар партиясы аппарат басшысы:
Дамушы елдер болсын, мына Өзбекстан халқын алатын болсақ, оларда норма қойып отыр. Мысалы 1 адам баласы күніне 200 литрден аспай тұтынуға норма қойып отыр. Негізі осы нормаларды енгізгеніміз дұрыс.
Елде су өңдейтін нысандар жоқ емес, бар. Бүгінде инфрақұрылымды дамыту қолға алынған. Жерасты су қоры да, жетерлік. Сондықтан әзір су тапшылығы болмайды,-дейді суға жауапты вице-министр.
Нұрлан Алдамжаров, ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің орынбасары:
Ауыз суға бізде дефицит жоқ. Иә, бізде тапшы аймақтар бар. Мысалы, БҚО. Бірақ ол жерлерде жер асты су қорларымыз жетеді.
Десе де, жер асты суларын беталды қолдануға болмайды. Өйткені оны қайта қалыпқа келтіру мүмкін емес,-дейді инженер-гидротехник маман.
Ерлан Бадашев, халықаралық сарапшы, инженер-гидротехник:
Әр нәрсе өзі қажеттіліктен туады. Бізде жылдық жер су қорымыз 100 текше км. Соның 1-1,5 пайызын ауыз суға тұрмыстық қажеттілікке қолданамыз. Біздің халық аз. Біздің аумағымыз үлкен. Оны біз су жоқтықтан көкөніс өсіруге, не басқаға пайдалануға оның қажеттілігі жоқ.
IMD әлемдік рейтингісінде Қазақстан лас суды тазарту бойынша 56-шы орында. Яғни елде қолданылған судың 36%-ы өңделеді.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли «AI Class» авторлық курсын өткізді
03.05.2026, 16:50
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01