Алматыдағы автобус апаты: Екі жолаушының жағдайы ауыр
Алматыда тағы да автобус апатқа ұшырады. Бұл жолы Наурызбай ауданындағы Әшімов көшесінің бойымен келе жатқан жүк көлігі аялдамаға тоқтаған № 137-ші бағыттың автобусын соққан. Дәл сол сәтте автобус жүргізушісі жолаушыларды түсіру үшін есікті ашып үлгермеген. Қатты соққы салдарынан қоғамдық көлік жол шетіне шығып, жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған.
Нұрәмір Әбдіғаппаров, куәгер:
Дүрсілдеген дауыс шыққан соң мен үйден тез шықтым да қарадым. Айналада жараланған адамдар, полиция қызметкерлері және автобус тұрған. Жерде жатқан бір адам болған, қалғандары сау болған.
Апаттан кейін 9 адам шұғыл №7 қалалық ауруханаға жеткізілген. Медициналық тексерістен соң көбі үйлеріне қайтқан. Ал екі жолаушының халі ауыр, - дейді дәрігерлер. Қазір полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр, әзірге қылмыстық іс қозғалған жоқ.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12