Елімізде газ қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде газ қымбаттайды

16.07.2024

Елімізде газ қымбаттайды. Бірақ баға бірден емес, кезең-кезеңімен көтерілмек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі айтты. Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, біздегі баға көрші елдерге қарағанда әлдеқайда төмен. Салдарынан еліміздің көгілдір отыны басқа мемлекеттерге заңсыз экспортталып жатыр. Оның үстіне газдың өзіндік құны да әлдеқайда жоғары. Сондай-ақ, елімізді газбен қамту мәселесі де сөз болды. Сәтқалиевтің айтуынша, қазір халықтың 60 пайызына көгілдір отын қолжетімді. Көрсеткішті арттыру үшін газ құбырлар желісі тартылмақ. Олар «Бейнеу-Бозой-Шымкент», «Ақтөбе-Қостанай» және «Талдықорған-Үшарал». Ал газ өндіру көлемі биыл 3%-ға артып, 60 млрд 500 млн текше метрге жетеді. Сондай-ақ, 2030 жылға дейін көгілдір отынды өңдейтін төрт зауыт салу жоспарланған.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

Газдандыруды жалғастыру мақсатында республикалық бюджеттен 89,3 млрд теңге бөлінді. Одан бөлек, Үкіметтің іс-қимыл жоспары аясында қосымша 105,4 млрд теңге қарастырылды. Бұл 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуге және 1700 шақырымнан астам газ желілерін жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу