Ауғанстанда дауыл мен жауыннан 35 адам қаза тапты
Ауғанстанның шығысында алапат дауыл мен төпелеп жауған жаңбырдан 35 адам қаза тапты. Ішінде бір отбасының бес мүшесі бар. Сондай-ақ, құрбандардың арасында әйелдер мен балалар көп. Мұны Нангархар провинциясының ақпарат және мәдениет департаменті хабарлады. Ал жергілікті госпиталь өкілдерінің дерегінше, 207 адам жараланған. Олар аймақ астанасы Жалалабад ауруханаларына жөнелтілген. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, биыл мамырда осы елдің Бағлан провинциясында жауындатып соққан сұрапыл дауылдан мыңдаған үй қирап, 300-ден астам тұрғын опат болды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03