Францияның Спорт министрі Сена өзеніне түсіп, судың сапасын тексерді
Париж Олимпиадасын ұйымдастырушылардың ең үлкен мәселесі шешілді. Осыдан бір ай бұрын ішек ауруларын қоздыратын бактерияға толы болған Сена өзені тазартылды. Енді ол Олимпиада ойындарына қатысушылар үшін қауіпті емес. Францияның Спорт министрі Сенаға сүңгіп, судың сапасын өзі тексеріп көрді.
Бұл - қатардағы қарапайым адам емес, Францияның спорт министрі Амели Удеа-Кастера. Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтетін Сена өзеніне сүңгіп, өзі тексеріп жүр. Судың сапасы стандартқа сай. Соңғы 10 күн бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі де, осыны көрсетті.
Амели Удеа-Кастера, Францияның Спорт министрі:
Арманымыз орындалды-ау әйтеуір. Қаншама уақыт, қаншама адамның еңбегі зая кетпей, дегенімізге жеттік. Олимпиада ойындарының арқасында Париж қаласының негізгі су артериясы тазарып, қаламыз ажарлана түсті.
Айтпақшы тазарту жұмыстарына 3 жылдан аса уақыт пен 1,5 млрд еуроға жуық ақша жұмсалды. Қыруар қаражаттың басым бөлігі бас шаһардағы су тазартатын құрылғыларды жаңарту мен жөндеуге жұмсалды. Себебі жауын жауса болды, қаладағы ағын сулар қоқысымен қоса осы Сенаға келіп құяды. Ескі аудандардың бірінде кәріз жүйесі істен шықса да, лас су осы өзеннен бір-ақ шығады.
Аксель Даше, Париж тұрғыны:
Төртжылдықтың басты додасы кезінде нөсерлетіп жаңбыр жаумаса екен деп тілейміз. Әйтпесе Сенаның суы лезде лайланып кетеді. Ғалымдар тексеріп жатыр, адам өмірі мен денсаулығына төнер қауіп жоқ, - дейді. Десе де өз басым бұл суға түспес едім.
Сена суы тазарғанын сөзбен емес, іспен дәлелдеген Францияның Спорт министрінің «ерлігін» 17 шілде күні Париж мэрі Анн Идальго да қайталамақ. Франция президенті Эмманюэль Макрон да Олимпиада ойындары қарсаңында Сенаға сүңгіп шығуға уәде еткен болатын. Араға бір ғасыр салып, қоқыс пен түрлі ауру тудыратын бактериялардан тазарған Сена өзенінде Олимпиада ойындарының ашылу салтанатымен қоса, триатлон сайысы және ашық суда жүзу жарыстары өтеді.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңсыз ақша шығару ісімен айналысқандар жауапқа тартылады
15.09.2025, 20:48

Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03
Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Елордада Жолдаудың негізгі тұстары сараланды
15.09.2025, 19:52
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
15.09.2025, 19:42