Қазақстан мен Өзбекстан арасында еркін сауда режимі енгізіледі
Қазақстан мен Өзбекстан арасында еркін сауда режимі енгізіледі. Бұл - өзара сауда-саттық көлемін болашақта 10 миллиард долларға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Өзбекстан үкіметінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Статистика агенттігінің мәліметінше биылғы 5 айда екі ел арасындағы тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті. Үшінші елдерден келетін импорт көлемін арттыру да жоспарда бар. Ол үшін жүйелі жұмыс жүргізілмек.
Соның бірі - жуырда түркі мемлекеттері ұйымының альянсы құрылды. Логистикалық жобаларды бірлесе дамытатын жаңа құрылымды жасақтау бойынша арнайы құжатқа Ташкентте қол қойылды. Енді ұйымға мүше елдер жүк тасымалын арттыру бойынша тиімді жобаларды жүзеге асырады. Өнеркәсіптік кооперация, көлік және өзге де салаларда ынтымақтастық күшеймек.
Шокиржон Рахматов, Түркі мемлекеттері ұйымының жобалық директоры:
Көлік тасымалын дамытуда мемлекеттердің бірлесе әрекет етуі маңызды. Ең алдымен кедендік рәсімдерді цифрландыруға баса мән береміз. Аталған альянс логистика саласына жауапты мемлекеттік органдармен қоса, жеке секторды байланыстыратын көпір болмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13