Шымкенттегі аурухана 1,5 млрд теңге қарызға батқан
Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханасы қарызға белшесінен батты. Бүгінде емдеу мекемесінің кредиторлық берешегі 1,5 миллиард теңгеге жеткен. Дәрігерлердің айтуынша қарыздың мұншалықты қордаланып қалуына науқастарды емдеуге қажетті дәрілік препараттардың қымбаттығы мен операция шығындарының көбейіп кеткені себеп. Яғни ем-домға жұмсалатын шығын мемлекет белгілеген тарифтен асып отыр. Жалпы клиникалық аурухана 530 төсек-орынға лайықталған, оның 375-і хирургиялық бөлімге қарасты. Емдеу мекемесінде 1 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді.
Тайбек Садықов, №1 клиникалық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы:
Мұнда негізгі себептердің бірі қазіргі таңда КЗГ дейді науқастарды емдеуге төленетін сома аздау. Одан кейінгі мәселе деңгейлік шкала. Соны шешу жолдарын, ұсыныстарды айттық.
Елдегі медициналық ұйымдардың экономикалық жағдайы бұған дейін Парламентте қаралған. Қаржыландыру жүйесіне өзгеріс енгізу үшін денсаулық сақтау министрлігі жаңа қаулы қабылдады.
Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бюджеттен бөлінетін қаражаттың тарифі көпжылдан бері өзгермеген. Қазір енді министрлік осы бірінші маусымнан бастап өздері қаулы шығарды тарифтің бағасын көбейту жөнінде. Бұл біріншіден халықтың сапалы медициналық қызмет алуына өз септігін тигізеді.
Ғани Қалмаханов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
