Елордадағы 3300 трансформатор қараусыз жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы 3300 трансформатор қараусыз жатыр

15.07.2024

Елордадағы 5 мыңнан астам трансформатордың 3300-і қараусыз жатыр. Еңбек ұжымымен кездескен сенатор Бибігүл Жексенбай осылай деді. Бұл мәселені заң жүзінде реттеу қажет. Себебі оның салдары түрлі проблемаға әкелуі мүмкін дейді,-депутат.

Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл әрине тұрғындардың ең бірінші кезекте тұрғындардың толыққанды электр қуатымен қамтамасыз етілуіне кері әсер береді. Өйткені қараусыз жатқан трансформаторлардың қарайтын жауапты компанияның жоқтығы, екіншіден электр қуатының ұрлық мәселесіне де жол ашатын мүмкіндік болып отыр. Сондықтан бұл мәселені реттеу заң жүзінде қажет деп ойлаймыз. 

Тағы бір топ Сенатор Қызылорда облысындағы өзекті проблемалармен танысты. Мәселен жергілікті қазынадан 11,5 миллиард теңге жұмсалатын мәдени нысандардың құрылысын барып көрді. Одан әрі Сырдария ауданындағы «Жалын» тынығу лагерінің жұмысымен танысты. Шаруашылықтар арасындағы жер бөлінісіне қатысты мәселе де, депутаттардың назарынан тыс қалмады. Арнайы жиында егіншілікпен айналысатын өңірде су мамандары жетіспейтіні айтылды.

Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Су мамандарын даярлауды орталықтандырып, белгілі бір университеттердің базасында жаңадан қалыптастыру. Жалпы осы саладағы ғылыми-зерттеу институттарының жұмысын өңірлерлік деңгейге дейін жеткізу. Өңірдегі мамандардың білімін жетілдіру мәселесі өте өзекті екенін байқап отырмыз. Су кодексін қабылдау барысында осы мәселелер бойынша жұмыс жасаймыз. 

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу