Ақтауда АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті
Жиында мамандар жергілікті тұрғындарды атом электр станциясының, атом энергетикасының жұмыстарымен таныстырды. Қазір елде атом электр станциясын жобалау жүріп жатыр. Қазақстандық энергетиктер мен атом саласының мамандары Абай және Алматы облыстарына қарасты 2 ауданның геологиялық, гидрологиялық, сейсмикалық жағдайларын зерттеген. Нәтижесінде Алматы облысының ауданы инфрақұрылымдық жағынан артықшылықтарға ие болып шықты. Оған қоса төтенше жағдай болған күнде бұл өңірден оңтүстік аймақтарға электр энергияны тез жеткізуге мүмкіндік бар. Мамандар сондай-ақ 13 реакторлық технологияны зерттеген.
Асуан Сиябеков, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС жетекші инженері:
Басты мәселе қауіпсіздік мәселесі болғандықтан қазіргі заманға сай соңғы технологияда үлгіде салынған реакторлық технологиялар соның ішінінен 4-еуі алынып қаралды. Ол Франция, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея елдерінің ректорлық технологиялары. Қуаттылығы жағынан барлығы тең, 1200-1400 мВт-қа дейін. Болашақта болатын энергодефециттің барын есептей келе, 2 блоктан тұратын атом электр станциясын Алматы облысына қарасты ауданға орналастыруды ұсынып отырмыз.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12