Америкалық ғалым Арал мәселесін зерттеп, кітап жазып жатыр
Америкалық ғалым Арал мәселесін зерттеп, кітап жазып жатыр. Сара Кэмеронның бұл - Қазақстанға қатысты екінші зерттеу тақырыбы. Бұған дейін “Ашаршылық жайлаған дала” атты кітабы жарыққа шыққан. Енді ғалым Аралдың тартылуы аймақ тұрғындарының әлеуметтік өміріне қалай әсер еткенін анықтамақ. Сол үшін Қазақстан мен Өзбекстанға бірнеше рет сапарлап келген.
Жалпы экологиялық апаттың химиялық, физикалық салдарларына қатысты көптеген зерттеу жүргізілген. Алайда, табиғи дағдарыс аймақтағы адамдарға қалай әсер еткені туралы толық түсінігіміз жоқ дейді ғалым.
Сара Кэмерон, ғалым-сарапшы:
Туып өскен жерлері, ата бабаларының тұрған жерлері көптеген адамдар үшін маңызды. Мен кітабымда көрсеткім келетін бір мәселе осы. Кейбіреулер жай ғана адамдарды апат аймағынан көшіріп тастайық деуі мүмкін. Бірақ бұл көзқарас дұрыс емес деп ойлаймын. Сол аймақтағы тұрғындар не қалайтынын білу қажет. Жалпы сол аймақтағы миграция мәселесі әлі де зерттеуді қажет етеді. Мен қанша адам қайда және қашан көшкендері туралы мәліметтерді архивтерден жинауға тырыстым. Жалпы Арал тарихы америкалық аудитория үшін де өте қызықты және маңызды.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06