Солтүстік Қазақстанда тасқыннан зардап шеккендер үшін 775 баспана сатып алынды
Солтүстік Қазақстанда тасқыннан зардап шеккен азаматтар үшін 775 баспана сатып алынды. Одан бөлек, жөндеуге жарамды үйлер қалыпқа келтірілуде. «Қызылжар асар» қоғамдық қоры арқылы 15 млрд теңгеден астам қаржы игерілді. Облыста 4 мыңға жуық үйді су басқан еді. Оның жартысы жөндеуге жарамсыз деп танылды. Бүлінген үйлердің басым бөлігі Петропавлда орналасқан.
Қалалық қоғамдық комиссияның мәліметінше, баспанасыз қалған 1700-ден астам адамның өтініші қаралды. Олардың 1200-і облыс орталығынан пәтер алуға ниет білдірген. Ал 500 адам «Бірлік» шағын ауданында жаңадан салынып жатқан үйлерді алуға өтініш жазды.
Қанат Омаров, «Қызылжар асар» қоғамдық қорының директоры:
Комиссияларға зардап шеккендер өздерінің арызын береді. Сол арыз қаралады, сол жерде. Сол жерде өздері тапқан үйді сатушымен келісіп, сол үйді сатып алып, сол үй соларға берілед. Әкімшілік арқылы.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04