Биологиядан 35-ші Халықаралық олимпиада аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биологиядан 35-ші Халықаралық олимпиада аяқталды

13.07.2024

Астанада биологиядан 35-ші Халықаралық олимпиада аяқталды. «IBO-2024» деп аталатын олимпиадаға 81 елден 305 оқушы мен 275 ғалым қатысты. әлемдегі ең жас биологтар мен ғалымдар Қазақстанның төрінде. Олар апта бұрын осы байқауға қатысу үшін 81 елден келген еді. Жеті күн бойы қатысушылар биохимия, молекулалық биология, биоинформатика және жануарлар анатомиясы мен физиологиясы бойынша бақ сынады. Бір айта кетерлігі, барлық тапсырмаларды қазақстандық жас биологтар дайындаған.. Бүгін байқау қортындысына сәйкес, қатысушылар алтын, күміс, қола медалдерге ие болды. Олардың арасында қазақстандық оқушылар бар. Жеңістеріңіз құтты болсын. Қалай, байқау қиын болды ма?

Биологиядан Халықаралық олимпиада әлемдегі ең үздік 7 пәндік олимпиаданың бірі. Қазақстандық оқушылар 28 жыл бойы қатысып, әртүрлі номинациядағы 70-тен астам марапатқа ие болды. Осы жоғары көрсеткішті ескере отырып, Халықаралық ұйымдастыру комитеті олимпиаданы биыл Астанада өткізу туралы шешім қабылдады.


Хабарламаларға жазылу