Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған күн

13.07.2024

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған күн. Водомство ресми қызметін 1992 жылы бастаған. Қазір комитет барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру, мемлекеттік шекараны күзету, мемлекеттік құпияларды қорғау, ірі қылмыстардың алдын алу сияқты маңызды істермен айналысады. 

Өсер Мизамбаев ұлттық қауіпсіздік комитетіне 1986 жылы қабылданған. Қатардағы сарбаздан бастап, Генерал-майор шешіне дейін өсті. Саланы бес саусағындай біледі. «Бұл тек жұмысым емес, Отанға қызмет етуім. Өйткені үйде жүргеннен жырақта жүргенім көп болды», - дейді.

 Өсер Мизамбаев, ҚР ҰҚК құрметті қызметкері:
Айлап, жылдап іс-сапарда жүретін кездер болады. Әрине,отбасыма қиын. Алдымызда қандай мақсат болды бәрін орындадық.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жасалған қылмысты тергеумен емес, алдын алумен айналысады. Кез келген террорлық әрекет, заңсыз қару және есірткі айналымы, теріс діни ағымды насихаттау деректерін болдырмау негізгі міндеттері. Өзге органдардан ерекшелігі де осы.

Статистикаға сүйенсек биылдың өзінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 280-нен астам шетел азаматын ел аумағынан шығарған. Тыйым салынған діни кітапті әкелудің 190 дерегіне тосқауыл қойылып, 19 шетел азаматы жауапқа тартылды. Заңсыз айналымдағы 237 атыс қаруы, 27 жарылғыш зат, 4500-ден астам оқ дәрі тәркіленген.

Мұндай маңызды миссияны мүлтіксіз орындау үшін техникалық және ақпараттық даму ерекше маңызды. Ал ұлтымыздың қауіпсіздігін қоритын комитетте заманға сай құрал-жабықтың бәрі бар.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ең алдымен әр азаматтың қауіпсіздігіне жауапты. Одан кейін ғана қоғам мен мемлекет. Бұл заңда да жазылған. 32 жылдық қызметінде ведомство, осы міндетін абыроймен атқарып келеді.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу