Әскери жиынға шақырылғандар саны 3 мың адамға дейін өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери жиынға шақырылғандар саны 3 мың адамға дейін өсті

13.07.2024

Биыл әскери жиынға шақырылғандар саны 3 мың адамға дейін өсті. Бұл былтырмен салыстырғанда, екі есеге көп. Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары Сәкен Жүсіпов, осылай деді. Мұндай жиындар жыл сайын өткізіледі. Мерзімі 30 күнге дейін. Мақсаты – бейбіт уақыттағы әскери бөлімдердің дайындығын пысықтау, әскери тұрғыда оқыту және жауынгерлік запас әзірлеу. Заңға сәйкес, бұндай жиынға шақырылатын азаматтың шекті жасы белгіленген. Қатардағы жауынгер мен сержанттар үшін 50 жас, офицерлер үшін 60 жас. Әскери жиын уақытында міндетті азаматтардың жұмыс орыны мен лауазымы сақталады. Шақырылғандар жұмыс істеп жүрген әскери қызметшілермен бірдей тұрмыстық заттармен, тамақ және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. Биыл әскери жиындар далалық лагерьлердегі оқу полигонында өтуі мүмкін.

Сәкен Жүсіпов, ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары:
Әскери жиынға денсаулық жағдайы бойынша жарамды әскери міндеттілер шақырылады. Сондықтан олар алдын ала медициналық тексеруден өтеді. Оларды жиын өткізілетін жерге жетізу және одан кері қайтару Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен теміржол немесе автомобиль көлігімен жүзеге асырылады


Хабарламаларға жазылу