Ауыл тұрғындарына қаладан баспана беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл тұрғындарына қаладан баспана беріледі

12.07.2024

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға Петропавл қаласынын үй беріледі. Аталған ауданда 18 елдімекенде 1500-ден астам үйді су басқан. Оның 320-сы жөндеуге жарамсыз деп танылды. Ал 120 отбасы жаңадан сатып алынған баспаналарға қоныстанып үлгерді.

Алпысбаевтардың шаңырағы апатты деп танылды. Аудандық әкімдік жөндеуге жарамсыз үйлерді иелеріне бұзып алуға рұқсат еткен. Ал жер телімі мемлекет меншігіне алынады. Қызылжар ауданында тасқыннан зардап шеккен азаматтарға 120 баспана сатып алынды. Пәтерлердің бірі Ибраһим мен Фәнияға бұйырды.

Фәния Төртбаева, Бескөл ауылының тұрғыны:

Демалатын жері бар, шашлык пісіретін жері бар. Бәрі жақсы көңілімізден шығады. Біз ризамыз. Жылу орталықтан, су тартылған, ішінде. Отын да керек жоқ, бас та ауырмайды. Бәрі жақсы.

Ерлі зайыпты Санжар мен Айгүл үйлерін су басқанда алдымен осы балалардың болашағына алаңадағанын айтады. Жуырда Бейсенбаевтар мына екі қабатты үйге ие болды. Жалпы ауданы 120 шаршы метр, ауласы да кең.

Айгүл Бейсенбаева, Бескөл ауылының тұрғыны:

Төрт балам, енем бар. Жолдасым екеумізбен 7 адам. Осы үйді алғанымызға қуаныштымыз. Ең бастысы, әр баламызда өз бөлмелері бар. Үй кең, жарық. Біздің көңілімізден шықты.

Ауданда тасқыннан зардап шеккен азаматтарға үй сатып алу жұмысы жалғасуда. Малы шығынға ұшыраған тұрғындарға өтемақы толықтай төленді.

Сақтаған Сәдуақасов, Қызылжар ауданының әкімі:

Петропавл қаласында жаңадан салынып жатқан мөлтек бірлік ауданында апатты болған үйледің иелеріне 154 үй берілетін болады. Қалған азаматтарға Қызылдар ауданы бойынша сатып аламыз.

Жалпы Солтүстік Қазақстанда 4 мың үйді су басқан. Оның жартысына жуығы жөндеуге жарамсыз деп танылды. Бүгінгі күнге дейін 750-ден астам отбасы баспанамен қамтылды.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу