Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат БРИКС-тің 10-шы Парламенттік форумының қорытынды жиындарына және ТМД елдерінің Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысып жатыр. Сондай-ақ, сапар аясында жоғары палата спикері бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзимен ынтымақтастықты бекіту жағын талқылады. Палата төрағасы Қазақстан-Қытай қарым-қатынасын жоғары бағалап, екі елдің байланысына Си Цзиньпиннің жақында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары тың серпін бергенін айтты. Астанадағы ШЫҰ саммитіне қатысуы да әріптестік көкжиегін кеңейте түсті. Мәулен Әшімбаев мемлекет басшылары қол қойған бірлескен мәлімдеме жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайта түскенін атап өтті.
Индира Бегайдар