Түркияда домбыра ескерткіші бой көтерді
Түркияның Анталия қаласында домбыра ескерткіші бой көтерді. Ұлттық аспабымызға арналған шетелдегі тұңғыш ескерткіш Жерорта теңізі жағалауындағы Жамбыл Жабаев атындағы саябаққа орнатылған. Еліміздің Анталиядағы Бас консулдығының бастамасымен жасалған монументтің биіктігі 3 метр 20 сантиметр, ал тұғыры 1 метр. Қоладан құйылған. Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне жергілікті билік өкілдері мен шетел дипломаттарынан бөлек қала тұрғындары мен қонақтары да қатысты. Жиналған халыққа ән-күйден шашу шашылып, сахналық қойылымдар ұйымдастырылды.
Ибрахим Уйсал, Анталия қаласының тұрғыны:
Бауырлас елдің ұлттық аспабының осында бой көтеруі бізді қуантты. Домбыра қазақтың ең көне музыкалық аспабы. Домбыра әуені адамдарды рухтандырып, қажет кезде халықтың басын біріктіретін бір сиқырлы күші бар сияқты көрінеді.
Қуат Канафеев, Қазақстанның Анталиядағы бас консулы:
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра дегендей, қазақпен біртұтас жалғасқан нағыз өзіміздің аспабымыз деп білеміз. Сол идеядан алып, бірге үйлестірдік. Ерекшелігі – қазақтың ұлттық аспабына арналған монуметті шет елді тұңғыш осы Анталияда бой көтерді. Біз үшін үлкен мәртебе. Жалпы, түрік жұрты да соңғы жылдарда домбыраға деген әуесі артқан.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19
Биыл көмір тапшылығы болмайды
11.09.2026, 20:18