Түркияда табиғи апаттар азаймай тұр
Түркияда жаз басталғалы бері орман өрттері азаймай тұр. Аптап ыстықтың кесірінен кеше Бодрум туристік аймағында мың гектар орман күлге айналды. Мамандар тілсіз жауды 18 сағатта әрең сөндірген. Ал Измир қаласы маңында басталған орман өртімен күрес әлі де жалғасып жатыр. Ондаған ұшақ пен тікұшақ арнайы техника бара алмайтын таулы аймақтағы жалынды әуеден сөндіруге тырысуда. Ал Түркияның солтүстігіндегі облыстарында керісінше жаңбыр мен сел тыйылмай тұр. Нөсер жауынның кесірінен бірнеше өзен арнасынан шығып, үйлер мен көшелерді су басып қалды. Ағын суға кеткен бір адам қайтыс болған.
Окай Мемиш, Түркияның төтенше жағдайлармен күрес басқармасының басшысы:
Самсун мен Орду облыстарында су тасқынына байланысты төтенше жағдайдың қызғылт түсі жарияланды. Сондықтан тұрғындарды сақ болуға шақырамыз. Судың ағыны қатты болғандықтан адамды оңай ағызып кете алады. Тіпті кей жерлерде көліктерді де ағызып кеткенін көрдік. Жағдай тұрақталғанға дейін біздің ескертулерімізге құлақ асқандарыңыз жөн болады.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18