Мәжіліс депутаттары Алматыдағы метроның құрылысын сынға алды
«Қалқаман» бекетінің жұмысы баяу жүріп жатыр. Мәжіліс депутаттары Алматыдағы метроның құрылысын сынға алды. Қазір күніне ұзындығы 3 метр жер қазылуда. Мердігер компания 2026 жылы аталған бекетті пайдалануға береміз деп отыр. Әрі қарай жалғасатын «Барлық» станциясына дейінгі 5,3 шақырым 2030 жылға дейін аяқталмақ. Метрополитен басшысының айтуынша, жерасты жолының бір тармағы әуежайға дейін 12,8 шақырым, екінші тармағы «Сайран» автобекеті Солтүстік айналма жол арқылы Алматы-1 теміржол вокзалын байланыстырмақ. Оның ұзындығы - 16,4 шақырым. Бұл үшін шетелден инвестор тарту жоспарланып отыр.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бізге сөзсіз шетелдік инвестор қажет. Ол инвестор мемлекеттік-құқықтық, қалалық бюджетпен біріге отырып үш көзден ақша түсіретін болсақ, болашақта сол станциялардың эксплуатациясынан түсетін ақшадан, басқадан қайтарып алатын мүмкіндіктері бар. Сондай инвесторлар болатын болса, онда метроның құрылысының да ақшасы жеңілдейді, бюджетке бірден салмақ түспейді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19
Биыл көмір тапшылығы болмайды
11.09.2026, 20:18