Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі күшейтіледі
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі күшейтіледі. Қалалық әкімдік әр көлікке 3-4 бақылау камерасын орнатпақ. Себебі соңғы уақытта автобус жүргізушілерін ұрып-соғу, балағаттау, оларға дөрекілік көрсету жағдайлары жиілеп кеткен. Сондай-ақ жүргізушіні алаңдатпас үшін қолма-қол төлем жасауға тыйым салынбақ. Сәйкесінше төлемді онлайн жасау үшін арнайы QR-кодтар мен валидаторлар көбірек қойылады.
Азамат Ешанқұл, қалалық мобильділік басқармасының бөлім басшысы:
Арнайы есігі болады, жабулы тұрады. Сосын біз биылдан тамыз айынан бастап қоғамдық көлікте қолма-қол ақша беруді тоқтатуға жұмыс жасап жатырмыз. Өйткені көп жағдайда біз зерделей келе жолаушы мен жүргізуші арасындағы келіспеушілік ақшаны берген кезде оны қайтаруы осы кезде көптеген оқиғалар болып жатыр.
Маманның сөзінше кейде ережені ескермей, тәртіп бұзатын жүргізушілер қайта оқытылады. Өйткені қоғамдық көлік жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз транспорт болуы керек. Алайда тұрғындардың да уәжі бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18