Оралда 12 жастағы бала сорғы құбырына жұтылып кетіп, көз жұмды
Ал Оралда суға шомылуға барған 12 жастағы бала сорғы құбырына жұтылып кетіп, көз жұмды. Оқиға Деркөл өзені жағасындағы саяжай аумағында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2011 жылғы ер бала шомылуға тыйым салынған жерге барып, аспалы көпірден суға секірген. Сол кезде аяғы сорғы құбырына іліккен. Қуатты насос баланы түгел жұтып кеткен. Үлкендер көмектескенімен күші жетпеген. Кейін құтқарушылар сорғы құбырын кесіп, денесін шығарып алған. Бала жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған. Облыстық полиция департаменті бұл деректің жазатайым оқиға ретінде тіркелгенін жеткізді. Тергеу жүріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда Starlink Mobile спутниктік мобильді байланысы іске қосылды
28.09.2026, 14:58
Мемлекет басшысы қорғаныс саласын түбегейлі реформалауды тапсырды
28.09.2026, 11:41
«Пайым, қоғам, мінез»
27.09.2026, 20:45
Жылыту маусымына дайындық қалай?
27.09.2026, 20:30
«Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16