Шымкентте тұрғындар автокөлік жөндетеміз деп барынан айырылып қалған
Шымкентте техникалық қызмет көрсету шеберханасы бір топ азаматтың бұзылған автокөлігін жөндеп беремін деп миллиондап ақшасын алып, жұмысты орындамай қойған. Ол аздай кейбір көліктердің ішіндегі жарамды дүниесін шешіп алып, қаңқасын далаға шығарып тастапты.
Меруерт жөндетемін деп астындағы көлігінен қолындағы ақшасынан айырылып қалды. Шеберхана басшысы былтыр тамыз айында бүтіндеп беремін деп 1 миллион теңгеден астам қаржысын алдын ала алып алған. Алайда уәде етілген іс үш айдан кейін де орындалмаған. Қайта-қайта жұмысты талап еткен көлік иесін алдаусыратып уақыт оздырған. Онан кейін машиненің құр қаңқасын алып кет деп далаға шығарып тастайды.
Меруерт Ескенова, қала тұрғыны:
Магнитофоны жоқ, аккумуляторы да жоқ. Осылай далаға шығарып тастаған. Істемеймін, ақша да жоқ деді.
Осы іс бойынша полицияға түсірген шағымым қарауға жатпайды деп қысқарып кетті,-дейді Мереуерт. Амалсыз шеберханада Өзбекстан азаматтарының заңсыз жұмыс істегенін әшкере ету үшін миграциялық полицияға арызданған. Бұл жәйт мәселені тіпті ушықтырып жіберді.
Дінмұхаммед Орынбаев, көлік жөндеуші:
Бұл кісі арыз жазған. Балалардың бәрін қаматқан. Маған 800 мың теңге штраф салғызды. Содан кейін жасап бермеймін дедім.
Шеберханаға көлік жөндетемін деп сергелдеңге түскен жалғыз Меруерт емес. Айбол Асқаров 380 мың теңге ақша беріп, бұзылған автокөлігін сол күйі қайтып алған. Осындай жағдайға тап келген тағы 5 адам бірігіп, полиция арыз жазғанымызбен қылмыстық негізі жоқ деп қысқартып тастады,-дейді ол.
Асқар Айболов, қала тұрғыны:
Бір сыбайластық бар сияқты. Осы жердің милициясымен ба, жоғары жақпен ба? Қалайша бұл жұмыс істей береді бұлай? Бұны қайтсекте 190-баппен жазалау мақсатымыз. Мен ақшамды аламын ба, алмаймын ба ол екінші сұрақ. Мұны тоқтату керек.
Шымкент қалалық полиция департаменті бұл істен ешқандай қылмыстық негіз таппадық деп отыр.
Бағлан Исатаева, қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Қала тұрғынының арызы бойынша Абай ауданының полиция басқармасымен тексеру жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде оқиғада қылмыс құрамының болмауына байланысты азаматқа азаматтық сотқа шағымдануына болатыны туралы түсіндірілді.
Полицияның дәрменсіздігі шеберханаға алданған азаматтарды мүлдем дағдартып тастады. Енді оларға соттасудан өзге амал қалмай тұр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03

Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
15.09.2025, 19:42
«Орталық-Батыс» жолының бағыты өзгермейді
15.09.2025, 19:40
БҚО-да мал азығының тек тең жартысы жиналған
15.09.2025, 19:39