Маңғыстауда 10 су тұщыту зауытының құрылысы жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 10 су тұщыту зауытының құрылысы жүріп жатыр

10.07.2024

«Бірінші халық, содан кейін өндіріс». Маңғыстау облысының билігі ауыз суды ең алдымен тұрғындарға жеткіземіз деп отыр.

Аймаққа шамамен 40 мың текше метр су керек. Әсіресе күн ысығанда тұтыну көлемі еселеп артады. Осы кезде судың қысымы төмендеп, көп қабатты үйлердің жоғарғы қабаттарына көтерілмейді. Өңірде су тапшылығын жою үшін қуаты тәулігіне 147 500 текше метр болатын 10 су тұшыту зауыты мен қондырғы салынып, 1 магистралдық су құбыры қайта жаңартылып жатыр. Ауыз су тапшылығына қатысты штаб отырысында аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай сумен қамту мекемелерінің басшыларына аталған жобаларды кідіртпей іске қосуды тапсырды. Ал оған дейін бар суды тиімді пайдалануды жүктеді.

Нұрдәулет Қилыбай, Маңғыстау облысының әкімі:

Су жетпей жатқанда үлкен мекемелердің суларын максимально азайтамыз. Бизнестің суын азайту керек болатын шығармыз. Ең бірінші халықтың тұтынатын мөлшерін беріп алу керек, қалғанын көре жатармыз. Ең бірінші халық. Содан кейін барып өндіріс деген принцип.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу