Дайджест: Су тасқыны кезінде бұзылған жолдардың инфрақұрылымы қайта қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дайджест: Су тасқыны кезінде бұзылған жолдардың инфрақұрылымы қайта қаралады

09.07.2024

ДАЙДЖЕСТ-09.07.2024

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ БҰЗЫЛҒАН ЖОЛДАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ҚАЙТА ҚАРАЛАДЫ

БИЫЛ 12 МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖОЛ САЛЫНЫП, ЖӨНДЕЛЕДІ

ОНЫҢ 4 МЫҢ ШАҚЫРЫМЫ — ЖЕРГІЛІКТІ ЖОЛДАР (мына жерде сызықша болуы керек еді)

Су тасқыны кезінде бұзылған жолдардың инфрақұрылымы қайта қаралуы керек. Үкімет басшысы көлік министріне осындай тапсырма берді. Жалпы биыл 12 мың шақырым жол салынып, жөнделеді. Оның 4 мың шақырымы жергілікті деңгейдегі жолдар. 

*

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ТАБИҒИ СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

БҰҒАН ТОЛАССЫЗ ЖАУҒАН ЖАҢБЫР СЕБЕП

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНДА ТЕМІР ЖОЛ ҚАТЫНАСЫ ТОҚТАДЫ 

Алматы облысының Талғар ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің аумағына баруға шектеу қойылды. Бұған төпелеп жауған жаңбыр себеп. Ал Жамбыл облысының Жаңатас қаласында темір жол қатынасы кідірді. «Шарбақты–Жаңатас» бағытындағы шойын жолды су шайып кеткен. 

*

ИНДОНЕЗИЯДА ЛАЙ КӨШКІНІНЕН 12 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

48 АДАМ ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН

ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ СУЛАВЕСИ АРАЛЫНДА БОЛДЫ

АУЫР БАТПАҚ АЛТЫН КЕНІШІН БАСЫП ҚАЛҒАН

Индонезияда төпелеп жауған жаңбырдан лай көшіп, 12 адам қаза тапты. Тағы 48-і жоғалып кеткен. Оқиға Сулавеси аралында болды. Ауыр батпақ заңсыз жұмыс істеген алтын кенішін басып қалған. Қазір жер астында қалып қойғандар іздестіріліп жатыр.

*

ТЕХАСТА «БЕРИЛ» ДАУЫЛЫНАН 7 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

2,7 МЛН ҮЙ МЕН КӘСІПОРЫН ЖАРЫҚСЫЗ ҚАЛДЫ

1300-ДЕН АСТАМ ӘУЕ РЕЙСІ ДОҒАРЫЛДЫ

АҚШ-тың Техас штатында «Берил» дауылынан 7 адам қаза тапты. 2,7 миллион үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды. Елді мекен мен қала, жолдарды су басып, 1300-ден астам әуе рейсі доғарылды. Порттар жабылып жатыр. 

*

V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ

ЖАЛПЫ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ 253 МЛН ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ

КӨКПАР МЕН КӨКБӨРІДЕН ЖЕҢГЕН КОМАНДАҒА 10 МЛН ТЕҢГЕ БЕРІЛЕДІ

АЛАМАН БӘЙГЕ ИЕСІНЕ 5 МЛН ТЕҢГЕ БҰЙЫРАДЫ

Бесінші (ДҮНИЕЖҮЗІЛІК деген сөзді ұмытып кеткен жоқсыздар ма?) көшпенділер ойындарына дайындық қызу. Жеңімпаздарға берілетін жүлде қоры белгілі болды. Сыйақының жалпы сомасы 253 млн теңге. Әр спорт түрі бойынша жеке және командалық жүлделер беріледі. Мәселен, көкпар мен көк бөріден жеңген команда 10 млн теңге, аламан бәйге жеңімпазы 5 млн теңге еншілейді.

Хабарламаларға жазылу