Сарапшы: ШЫҰ саммиті - ғаламдық мәселелерді шешуде тиімді алаң - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: ШЫҰ саммиті - ғаламдық мәселелерді шешуде тиімді алаң

09.07.2024

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астанадағы саммиті тек, өңірлік емес ғаламдық мәселелерді шешуде өте тиімді алаң. Себебі ондаған мемлекет басшысы мен халықаралық ұйымдардың бір үстел басына жиналуы күрмеулі түйткілдерді ең жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік береді. Бұл Түркиядағы «ТЕПСАМ» стратегиялық-экономикалық зерттеулер орталығының басшысы Оғызхан Акиенердің пікірі.

Оғызхан Акиенер, «ТЕПСАМ» стратегиялық-экономикалық зерттеулер орталығының басшысы:

Әлемде қазір өзара тиімді диалог жасау өте маңызды. Себебі геосаяси жағдай ушығып тұр. Астанадағы Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы Саммитінің маңыздылығы сол әлемнің ең ірі мемлекеттерімен қатар, БҰҰ Бас хатшысы да қатысып пікір алмасады. Экономикалық қана емес саяси мәселелер де күн тәртібіне шығады. Сондықтан жоғары деңгейдегі келіссөздер оң нәтижесін беретініне сенімдімін.


Хабарламаларға жазылу