ШҚО-да 29 мың тонна қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» жалпы республикалық науқаны жер-жерде жалғасып жатыр. Бұл жолы Алматыдан 15 мың тонна, Шығыс Қазақстан облысынан 29 мың тонна қоқыс шығарылды.
Тазалық акциясына бүгінге дейін шығыста 540 мыңға жуық адам қатысты. Нәтижесінде 29 мың тонна қоқыс шығарылды. Оған қоса 204 саябақ, 323 тарихи тарихи-мәдени ескерткіш пен 900-ге жуық әлеуметтік нысан ретке келтірілді. 348 шақырым арық тазаланды.
Самат Сүлейменов, облыстық ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
Қотанқарағай ауданында ағымдағы аптамызда 200-ге жуық адам қатысып, сол аудан тұрғындары көпшілік орындарын тазартқан болатын. Және орман шаруашылықтарында 52 мыңға жуық жасыл екпелер мен көшеттер отырғызылды.
Ал Алматыда 150 субұрқақ түгел тазаланып, ретке келтірілді. 800-ге жуық аялдама кешені, 120-дан астам бағдаршам нысаны, 3 000-нан аса жол белгісі жуылды. 25 мыңға жуық қоқыс жәшігі тазартылып, апаттық жағдайдың алдын алу мақсатында 6 мың ағаш кесілді.
Батырғали Еркінбеков Алматы-Өскемен тас жолының тазалығына жауапты мекемеде еңбек еткеніне 20 жылдай болды. Жол жиегіндегі қоқысты жинап жүріп, күніне он шақырымға дейін жерді жаяу еңсереді.
Батырғали Еркінбеков, жол тазалаушы:
Жұмыс көбейіп барады. Олар тастамаса бізге де жеңіл. Қаламыз таза, жолдың шеті, Қазақстанның жолы дегендей тазалық көп болатын еді.
Республикалық маңызы бар жол болғандықтан көлік нөпірі көп. Мекеме жұмысшылары 80 шақырым аралықтан айына бір тоннадай қоқыс шығарады.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында қырықтан аса экожоба ұйымдастырылған
09.06.2026, 13:24
660 сарбазға білім гранты табысталды
09.06.2026, 13:21
Астанада ІІІ халықаралық архившілер конгресі өтуде
09.06.2026, 13:18
Жапондар пайдаланылған өсімдік майын авиаотынға айналдырмақшы
09.06.2026, 13:15
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 13:12
4 айда негізгі капиталға салынған инвестиция – ₸4,9 трлн
09.06.2026, 13:09
Заң үстемдігі – қоғам тұтастығының басты кепілі
09.06.2026, 13:06
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
09.06.2026, 13:03