Жаңатастағы жағдай: Шығын көлемі 100 млн теңгеден асады
Жаңбыр суынан тасқын болған Жаңатас қаласында табиғи сипатта төтенше жағдай жарияланды. Ал шығын көлемі 100 млн теңгеден асты. Екі күнде учаскелерден 24 мың текше метрге жуық су сорылды. Әзірге 200-ге жуық аула судан тазартылды. Ал жертөлесіне су жайылған Қонаев орта мектебі қуат көзіне қайта қосылды. Білім ұясының астыңғы қабаты лай судан толық тазартылды. Зардап шеккен тұрғындарды қабылдау үшін мектеп пен аудандық ауруханада уақытша қабылдау пункттері жұмыс істеп тұр. Әзірге көмекке жүгінген азаматтар жоқ. Жексенбіде болған нөсерден кейінгі ағын судан Жаңастас қаласында 400 аула мен 50-ге жуық үйге су кірді. Автожол бүлініп, темір жолды да су шайған. Қазір арнайы комиссия шығындарды есептеп жатыр.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18