Парижде 80 спортшы ел намысын қорғайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрін қабылдады. Ермек Маржықпаев Президентке ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы мен лицензиялық турнирлердің қорытындысы жайында есеп берді. Министрдің айтуынша, Қазақстан құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды. Ал Мемлекет басшысы Олимпиада ойындары спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.
Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі:
Министрлік тарапынан спортшыларға жасалып жатқан жағдайлар, спортшылардың жеке жоспары олимпиада формасы туралы айтылды. Президентке Ұлттық құраманы олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары жайында ақпарат берілді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24