Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы, Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылардың толық тізімін шығарды. Әлемдік рейтингінің қорытындысына сай, биылғы жылдың басты додасында ел намысын 7 атлет қорғайды.
Жалпы, Қазақстан құрамасы олимпиадаға 91 жолдама иеленді. Байрақты бәсекеде отандық 79 спортшы бақ сынайды.
Франция астанасында өтетін жарысқа әлемнің 200-ге жуық елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Дүбірлі додада спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.