Түркістанда Ұлттық домбыра күніне орай республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда Ұлттық домбыра күніне орай республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өтті

08.07.2024

Түркістанда Ұлттық домбыра күніне орай республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өтті.

Өнер сайысы қазақ халқының мәдени мұрасының бірегейі – күй өнері кеңінен насихатталып, талантты күйшілерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Көпке танымал күйшілер мен өнер қайраткерлері қазылық еткен байқауға елдің әр аймағынан келген 30-дан астам күйші қатысты. Үміткерлер екі кезең бойынша бақ сынап, Сүгір Әлиұлының күйлерін шертті. Сондай-ақ, Төлеген Момбековтың күйлерінен бір күй тартты. Ал екінші кезеңде «Шалқыма», «Майра», «Ақсақ құлан» және «Хамаң толғауы» сияқты танымал күйлерді қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің сүймелдеуімен орындап шықты. Байқау нәтижесі бойынша Түркістан облысының күйшісі Ернар Сәтім жеңімпаз атанса, Шығыс Қазақстан облысынан келген Аяна Сатаева бірінші орынға ие болды.

Мұрат Әбуғазы, күйші, қазылар алқасының мүшесі:

Домбыра күні дегенде кейде біз науқанға беріліп, 2 мың, 3 мың домбырашыны немесе шоуға айналдырып жібереміз. Олай емес, нақты өзінің табиғи, саф қалпында насихаттауымыз керек. күй өнерін әлемдік ЮНЕСКО қабылдаған кезде осы тұрғыдан насихаттауға баса мән берілген болатын. Сондықтан бұл байқаудың мақсаты – қазіргі домбыра күніне толық жауап береді.


Хабарламаларға жазылу