Батыс Қазақстанда қатты дауылдан бірнеше ғимарат бүлінді
Батыс Қазақстан облысы Шалқар көлінде демалып жатқан бір әйелге найзағай түсіп, көз жұмды. Оқиға демалыс күні Теректі ауданы аумағында болды. Түстен кейін кенеттен дауыл тұрып, көлдегі су көтерілген. Артынша, найзағай ойнап, жаңбыр жауған. Тұзды көлге демалуға барған ресейлік 39 жастағы әйел, дәрігерлер жеткенше жан тапсырған. Сол күні тұтас өңірде шаңды дауыл соқты. Орал қаласының тең жартысы мен облыстың бес ауданында жарық сөнді. Тиісінше, шаһардың көп бөлігі сусыз қалды. Дауыл салдары 9 ғимарат пен тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті. Қазір, үзілген электр желісі мен бүлінген ғимараттар қалпына келтіріліп жатыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін толық ашты
04.05.2026, 10:23
Иран АҚШ-қа соғысты тоқтату бойынша өз ұсыныстарын жіберді
04.05.2026, 10:23
Круиздік лайнерде 3 адам хантавирустан қайтыс болды
04.05.2026, 10:22
ЖИ жобаларын қаржыландыруға $95 млн тартылды
04.05.2026, 10:21
Еліміздің көші-қон саясаты өзгереді
04.05.2026, 10:18
Президент сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайтты
04.05.2026, 10:17
Алакөл туристік маусымға дайын ба?
03.05.2026, 20:08
Құрылыс сапасын ЖИ көмегімен бақылауға болады
03.05.2026, 20:06