Астана күні мерекесіне орай алыптар күш сынасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана күні мерекесіне орай алыптар күш сынасты

06.07.2024

Астана күні мерекесіне орай алыптар күш сынасты. Бес түрлі ұлттық спорттың басын біріктірген жарыста ел мықтысы анықталды. 

Қаракөз Тұрмағанбет – Тілші:

Елордада осымен екінші рет өткізіліп жатқан көпсайысты "Толағай" алыптар жарысына бүгін 20 спортшы келіп отыр. Олар еліміздің әрбір өңірінен, яғни 17 облысынан және үш қаласынан іріктеліп алынды.

Салмағы 90 келіден жоғары қара күш иелері 5 түрлі жарыстың басын біріктірген Powerful Nomad-та бақ сынады. Яғни 100 келілік тасты көтеріп алып, 50 метрлік қашықтықты бағындырады. 100 келілік қаппен отырып тұру, 10 келілік найзаны лақтырады. Сонан соң 130 келілік бөренені иыққа салып отырып-тұрады.

Тимур Дәулетбақұлы - «Толағай» алыптар сайысының негізін қалаушы:

Бұл спорттың ең жақсысы денесі мықты, алып күш иелері ауылдық жерлерде, қалалық жерлерде, мүмкін базарларда жүрген балалар келіп емін-еркін қатыса бере алады. Мақсат - әлемдік деңгей Strongman, Арнольд классик деген үлкен жарыстар бар. Соған біздің алып күш, денелі азаматтарымызды қатыстыру.

Қаракөз Тұрмағанбет – Тілші:

Бүгінгі іс-шараға Азамат Бектасов есімді арнайы қонағымыз Түменнен келіп отыр. Ол мына 80 келілік кірді бір иығына салып, 26 рет көтермекші. Осы рекордын ол Астананың 26 жылдығына тарту етеді.

Ал белгілі этнограф, Қазақстанның рекордтар кітабына есімі бірнеше рет енген Жамали Диханұлы дүйім жұртты тағы да таңғалдырды.Ал алматылық Бауыржан Әбдіхайым "серке көтеру" бойынша Қазақстан рекордын жаңартты. Ол 3 сағат бойы 40 келілік қойға тартар жүкпен бірге 4 мың рет отырып-тұрды.

Қаракөз Тұрмағанбет – Тілші:

Алыптар сайысында 3-ші орынға 400 мың теңге, 2-ші орынға 600 мың теңге, 1 млн теңге тігілген. Жеңімпаз сондай-ақ қыркүйек айында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алады.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу