Шымкентте, аумағы 625 гектар замануи жылыжай кешенінің алғашқы кезеңі басталады. Түрік инвесторлары жаңа технологияларды пайдалану арқылы Қазақстан нарығы мен бірге, экспортқа шығаруды да көздеп отыр. Жылыжай кешенін салу, екі кезең бойынша жүргізіледі. Оның алғашқысында “Бозарық” индустриялық аймағы маңындағы 226 гектар жерге жылыжай соғылып, онда жылына 51 мың тонна қызанақ жиналады.
Оның құрылысы келер жылы толық аяқталып, іске кіріседі. Ал екінші кезең 2025- 28 жылдарға жоспарланып отыр. Бұл аралықта тағы 474 гектар жерге жылыжай тұрғызылады. Мұнда негізінен тропикалық жемістер өсірілмек. Тың жоба еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтумен қатар жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етпек.
Ермек Тұрманов - Кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:
Жалпы бұл компания қалаға 650 миллион АҚШ доллары болатын инвестиция құюды жоспарлап отыр. Одан бөлек 1 мың 750 жаңа жұмыс орындары құрылады. Сондай-ақ индустриалды аймақ маңында балабақша, кішігірім ойын алаңшалары сияқты әлеуметтік салаларды да қамтып өтеді.