Солтүстік Қазақстанда бір күнде жаңбырдың бір айлық мөлшері жауды
Солтүстік Қазақстанда бір күнде жаңбырдың бір айлық мөлшері жауды.
Бұл – Петропавл қаласының «Ойқала» шағын ауданы. Ойпаң жерде тұрған үйлердің ішіне су кіріп, мүліктерге зақым келді. Орталық көшелер де суға толып, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысын қиындатты. «Қазгидромет» мамандарының айтуынша, нөсер жаңбырдың жаууына солтүстік циклоны әсер еткен. Кей жерлерде ірі бұршақ жауды. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері де найзағай ойнап, жауын-шашын болады.
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, қатты жел тұрады. Республиканың солтүстігі мен шығысы, орталығында және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04