Қайрат Нұртас қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Нұртас қамауға алынды

05.07.2024

Әнші Қайрат Нұртас қамауға алынды. Бүгін Астана қаласының әкімшілік соты үкім шығарды. Сот процесі кезінде ол өзін бейнетаспаға түсіріп жариялауға қарсы болды. Әнші Алматы-Астана бағытындағы ұшақтың бортында бұзақылық әрекет жасаған. Жәбірленушімен сөзге келіп, кейін бір-біріне жұдырық жұмсаған. Сотқа «бір жылда бірнеше рет ұсақ бұзақылық жасау» және «адам денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру» бабымен екі іс түсті. Істі қарау барысында жәбірленушімен татуласып, бір іс тоқтатылды. Ал өзге адамдардың көзінше бұзақылық жасағаны үшін Қайрат Нұртас кінәлі деп танылып, уақытша қамауға алынды.

Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылсын. Және оған 15 тәулікке қамау жазасы тағайындалсын.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу