Павлодарда шахматтан Парламент Сенатының ашық кубогының жартылай финал ойындары басталды. Senat Open турниріне 90 адам қатысып жатыр. Жоғары палата қолдауымен Қазақ шахмат федерациясы бұл жарысты алғаш рет ұйымдастырып отыр. Турнирге барлық облыс пен республикалық маңызы бар қала мәслихаттарының депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңестердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысуда.
Павлодарда – «Солтүстік» өңірінің - жартылай финалында Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының іріктеу кезеңінің жеңімпаздары бақ сынайды. Олардың әрқайсысы 8 ойын өткізеді. Нәтижесінде, Солтүстік өңірдің 25 өкілі тамыздың соңында Астанада өтетін Senat Open турнирінің ақтық сынына қатысады.
Ербақыт Амантайұлы, Солтүстік Қазақстан облыстық Мәслихатының депутаты:
Депутат жұмысымен шахмат арасында бір байланыс бар секілді көрінеді. Депутаттар ой еңбегімен көп айналысады. Ой еңбегі дегеніміз ол шахмат. Өте көп көмегі бар. Депутаттардың көбі шахмат ойнайды. Жалпы, біз мына зияткерлік орта қалыптастыру үшін осы шахматтың пайдасы өте зор деп ойлаймын.