ШЫҰ Саммиті сәтті аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ Саммиті сәтті аяқталды

05.07.2024

Бірнеше елдің президенттері мен премьерлерін, халықаралық ұйымдардың басшыларын жинаған ШЫҰ саммиті сәтті аяқталды. Астана тұрғындары қалыпты өмірге қайта оралды. Сонымен, ел аузында болған тарихи саммит несімен есте қалды?

14 елдің президенті мен халықаралық ұйымдардың басшыларын қарсы алған Астанада, 8 мыңға жуық полицей күшейтілген режимде жұмыс істеді. Тұрғындардың 70 пайызы онлайн режимде болды.

Астана саммиті аясында «Астана декларациясы» қабылданып, 20-дан астам құжатқа қол қойылды. Сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға баса назар аударылды.

Тағы бір тарихи шешім Беларусь мемлекетінің ресми түрде саяси құрылымның мүшесі болуы.

Мыңға жуық масс-медиа өкілі шартарапқа саммит туралы сәт сайын ақпарат таратты. Әлемдік телекеңістіктегі беделді медиақұрылымдар мемлекет басшыларының басқосуын назарда ұстады.

Келген 700 шетелдік бақ өкілі, баспасөз алаңында қазақтың ұлттық жауһарларымен танысты. Домьбыра тартты. Тіпті, қытайлық әріптесіміз, күміспен күптелген ертоқымға таңқалып, отырып көрді.

Салмақты саммитке қатысқан мәртебелі меймандар елдеріне қайтып жатыр. Қазір, 4 қалада енгізілген террористік қауіптің «сары» деңгейі алынды.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу