Астанада түрікмен халқының ақыны Мақтымқұлы Пырағыға ескерткіш ашылды
Астанада түрікмен халқының ұлы ойшылы, ақын Мақтымқұлы Пырағыға арналған ескерткіш ашылды. Мүсін авторы Түрікменстанның халық суретшісі Сарагт Бабаев. 5 метрлік ескерткіштің жұмысы мамыр айында басталған.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов арнайы келді. Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл ескерткіш екі ел арасындағы байланысты нығайтатынын, әрі алдағы уақытта Ашхабад қаласында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіш орнатылатынын мәлімдеді.
Сарагт Бабаев - Түрікменстанның халық суретшісі, ескерткіш авторы:
Осыған дейін ақынға арналған ескерткіштерді Ресей, Түркия елдері үшін жасаған едім. Биыл көктем айында Астанаға келіп, мүсінді орналастыратын жерді таңдадық. Мамырда ескерткіштің эскиздерін сала бастадым. Жалпы қазақ еліне айтар алғысым шексіз. Екі ел арасындағы құрмет арта берсін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алакөл туристік маусымға дайын ба?
03.05.2026, 20:08
Құрылыс сапасын ЖИ көмегімен бақылауға болады
03.05.2026, 20:06
«Тарихи оқиға»: Байқоңыр ғарыш айлағынан «Сұңқар» ракета тасығышы орбитаға алғаш рет ұшырылды
03.05.2026, 20:05
Жеке сот орындаушыларына қойылатын талап күшейді
03.05.2026, 19:58
Диплом бар, жұмыс жоқ: Еңбек нарығына кадр даярлау қашан реттеледі?
03.05.2026, 19:57
Президент: Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз – бір
03.05.2026, 19:53
Алматыда әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли «AI Class» авторлық курсын өткізді
03.05.2026, 16:50
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08