Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында ШЫҰ саммитіне қатысуға келгені үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді. Ұйымның әлеуетін нығайтуға Ресейдің қосқан елеулі үлесін атап өтпеске болмайды. Осы орайда төраға құқығын пайдаланып, Сізге алғыс айтқым келеді, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді биыл күзде елімізге тағы да мемлекеттік сапармен келуге, сонымен бірге Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысуға шақырды.
Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстан осы маңызды іс-шараның дайындығына айтарлықтай күш салғанын жеткізді. -Саммит, шын мәнінде, мазмұны жағынан халықаралық сипатқа ие. Елдеріміздің бірқатар халықаралық ұйымға төрағалық етіп отырғанын атап өткім келеді. Сондықтан бір-бірімізді қолдап, көмектесеміз және Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын, - деді Владимир Путин.