Қазақстан - Қытай іскерлік кеңесі: $3,7 млрд жобасына қол қойылды
Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінде 3,7 млрд доллардың жобасына қол қойылды. Ірі басқосуға 500-ден астам бизнес өкілі мен қытайлық 70 ірі компания басшылары қатысты. Осы кеңестің нәтижесінде, қос елдің бірлескен жобалары жүзеге асады. Қытай тарапы инвестиция құяды. Мәселен, Маңғыстау облысында электр станциясы салынады. Нысан жоспар бойынша, 2026 жылы пайдалануға беріледі. Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаты екі есеге артады. Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының қуаты көбейеді. 2027 жылы Қостанай облысында бидайды терең өңдейтін зауыт іске қосылады. Өндіріс орнында амин қышқылы, биоэтанол, глютен, мал азығы, бидай кебегі шығарылмақ. Зауыт іске қосылғанда 600 адам жұмыспен қамтылады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда лимон өсірушілер қатары көбейген
27.12.2025, 17:15
Әлем жаңалықтарына шолу
26.12.2025, 20:58
Мектептерде 124 стоматологиялық кабинет ашылды
26.12.2025, 20:56
МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.12.2025, 20:54
Әуе компанияларына бақылау күшеюі мүмкін
26.12.2025, 20:46
Тауда жоғалған 3 адамның бірінің денесі табылды
26.12.2025, 20:44
Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады
26.12.2025, 20:42
Алматыда ай сайын 2,5 мың тоннаға жуық қалдықты пайдаға жаратады
26.12.2025, 20:40