Қазақстан мен Қытайдың бірлескен зертханасы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытайдың бірлескен зертханасы ашылады

03.07.2024

Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Қытайдың Шэньчжэнь университеті арасында бірлескен зертхана құрылАды. Бүгін Алматыда екіжақты келісімге қол қойылды. Бұл Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары аясындағы маңызды оқиғалардың бірі. Келісім- екі ел арасындағы ғылыми байланысты нығайтуға және бірлескен зерттеулер жүргізуге бағытталған. Орталықта/ биологиялық медицина, биоинженерия, молекулярлық генетика және геномдық технологиялар бойынша алдыңғы қатарлы заманауи зерттеулер жүргізіледі. Зертхананың екі филиалы ашылады. Оның бірі Шэньчжэнь университетінде, екіншісі Ұлттық ғылым академиясының базасында болады.

Қуантар Әлиханов, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының орталық директоры:

Бұл ғылыми зертханада жас ғалымдар, отандық ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады. Заманауи сандық қондырғылармен жабдықталған болады. Одан кейін академия ұтқырлық бағдарламасында ғылыми кадрлар даярлау екі жақты тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу