Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі: $3,7 млрд жобасына қол қойылды
Қазақстан-Қытай кеңесінде құны 3,7 млрд доллардың 40-тан астам құжатына қол қойылды. Оның ішінде «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қытайлық серіктестермен 15 құжатты бекітті. Шарада 500-ден астам бизнес өкілі мен 70 қытайлық ірі компания басшылары бас қосты. Кеңесте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр екі ел арасындағы тауар айналымы қарқынды өсіп келе жатқанын айтты. Сонымен, елімізде қандай ірі жобалар жүзеге асады?
Қазақстан мен Қытай Маңғыстау облысында электр станциясын салады. Бұл өңірдегі жарық тапшылығын шешуге сеп болмақ. Себебі, соңғы уақытта электр жарығының жиі өшіп, маңғыстаулықтарды әбігерге салғаны ел есінде.
Ержан Елекеев - «Kazakh Invest»ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы:
Бір жыл бұрын жарық өшіп, қолайсыздық туындады. Мұндай жағдайға жол бермес үшін келіссөз жүргізілді. Бу-газды станцияның жобасы 2025 жылдың аяғында немесе 2026 жылдың басында пайдалануға беріледі.
Ал Алматы облысының әкімдігі мамандарын қытайда оқытпақ. Жақында Алматының маңында бой көтерген Алатау қаласының мамандарын Қытайдың Шэньчжэнь қаласына осы күзде жіберуді жоспарлап отыр.
Марат Сұлтанғазиев – Алматы облысының әкімі:
Бүгін меморандумға қол қойдық. Күзге бірінші адамдарды жіберсек деген ойдамыз. Біздің қаламыздың өзі экономикалық аймақ қой. Қай жерге қандай жол салу, қандай өндіріс, бәрі сол жоспарға байланысты болады. Егер бір жер ыңғайсыз болса, бизнес келмей қалады.
Мұнай-газ саласында да ірі жобаларға қол қойылды.
Ерлан Ақкенженов - ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
Олар Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын екі есе кеңейту. Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының қуаттылығын кеңейту. Қазақстан-Қытай мұнай құбырының қуаттылығын кеңейту.
Жалпы соңғы 10 жылда Қытай Қазақстанға 14 млрд доллардан астам инвестиция құйған.
Нұрлан Жақыпов – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы:
Астанада Си Цзиньпин мырзасының сапары барысында Қазақстан-Қытай іскерлік кеңестің отырысын өткіздік. Сол кеңестің шеңберінде біз 40 астам құжаттарға қол қойдық. Жалпы инвестиция 3,7 АҚШ долларын құрайды.
Қазақстан мен Қытай арасында сауда көлемі де артуда. Былтыр бұл көрсеткіш бірден 30 пайызға артып, 41 млрд долларға жеткен.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды
21.01.2026, 21:56
Жастар құрылтайда көтерілген бастамаларды қолдап отыр
21.01.2026, 21:11
«Оң өзгерістер болашағымызға зор ықпалын тигізеді»
21.01.2026, 20:29
«Ұлттық цифрлық мұра» қоры әзірленбек
21.01.2026, 20:26
Ақтөбеде шаруалар малдың санына емес, сапасына көңіл бөле бастады
21.01.2026, 20:22
Әлемнің өзекті және қызықты жаңалықтарына қысқаша шолу
21.01.2026, 20:20
Бір палаталы Парламентке көшу - әлемдік тәжірибедегі тиімді модель
21.01.2026, 20:17
Елімізде 33 миллиард тоннаға жуық көмір қоры бар
21.01.2026, 20:12