Транскаспий - Ұлы жібек жолының жалғасы іспетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Транскаспий - Ұлы жібек жолының жалғасы іспетті

03.07.2024

Транскаспий - Ұлы жібек жолының жалғасы іспетті. Мың жылдық тарихы бар Ұлы жібек Жолы, Қытайдың ХуанХэ өзенінен аңғарынан басталып, Жерорта теңізінің Шығыс жағалауына дейін жетті. Батыс пен Шығысты жалғайтын бағыттың ұзындығы- 12 мың шақырымнан асады деседі. Бүгінгі Ұлы жібек жолы - Транскаспий дәлізі де, дәл осындай қашықтықты қамтиды. Қытайдың ЛяньЮньган портынан басталады. Бұдан әрі Қорғас құрғақ портына, Достық бекетіне келеді. Кейін тауар тиелген вагондар Ақтау мен Құрық порттарына жеткізіледі. Тізбек әрі қарай Әзербайжан, Грузия және Түркияға жетіп, Қара теңіз арқылы Еуропаға шығады.

Бұрын Қытайдан Транскаспий арқылы Қара теңіздегі порттарға жүк жеткізу уақыты 53 күн болса, қазір небәрі 18-23 күн. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі – мультимодальды бағыт. Мұнда/ теміржол да, теңіз жолы да, құрғақ порт та бар. Жылына 6 млн тонна жүкті тасымалдайды. 2025 жылы бұл көлемді 10 млн тоннаға жеткізу міндеті тұр.

Ляньюньган порты-Қорғас құрғақ порты-Достық бекеті - Ақтау мен Құрық порттары-Әзербайжан, Грузия және Түркия-Қара теңіз-Еуропа

бұрын - 53 күн

қазір - 18-23 күн

темір жол

теңіз жол

құрғақ порт

6 млн тонна

2025 жылы - 10 млн тонна 


Хабарламаларға жазылу