«Азия балалары-2024»: қазақстан жалпы есепте 6-орынға көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Азия балалары-2024»: қазақстан жалпы есепте 6-орынға көтерілді

03.07.2024

Жазғы «Азия балалары» ойындарында қоржынымызға тағы да 7 алтын, 8 күміс және 12 қола медаль түсті. Жалпы есепте Қазақстан 6-шы орынға көтерілді. Кеше жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы 5 жүлдеге ие болды. Аида Ақылбекова 3000 метрге жарыста, ал Афина Чолакиди 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде мәре сызығын 2-ші болып кесті.

Ал 3×3 болып ойнайтын баскетболдан еліміздің 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Дзюдошы Сәуле Қожасова, Әмина Файзулина мен Снежанна Якубова чемпион атанды. Ал 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Батыржан Тоқтар қола жүлдеге қол жеткізді. Дзюдошыларымыз VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында 5 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен командалық есепте 2-орында.

Сәуле Қожасова, Дзюдодан VIII Жазғы «Азия балалары» ойындарының чемпионы:

63 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанып отырмын. Финалда орыс палуанымен кездестім. Оны ұйықтату әдісімен жеңдім. Осы алтын үшін мен қаншама дайындалдым, еңбек еттім.


Хабарламаларға жазылу