Дайджест: Си Цзиньпин Қазақстанға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дайджест: Си Цзиньпин Қазақстанға келді

02.07.2024

СИ ЦЗИНЬПИН ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

БҰЛ ҚХР ТӨРАҒАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САПАРЫ

ОЛ ҮШ КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ

СИ ЦЗИНЬПИН ШЫҰ САММИТІНЕ ҚАТЫСАДЫ

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі мейманды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайда қарсы алды. Үш күндік сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және маңызды құжаттарға қол қойылады. Қытай төрағасы ШЫҰ саммитіне қатысады.

*

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ САУДА ТАРАТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

ОЛ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖОБА БОЛАДЫ

ҚҰРЫЛЫСЫН ҚЫТАЙ КОМПАНИЯСЫ ЖҮРГІЗЕДІ

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталығы ашылады. Оны қытай компаниясы салады. Интеллектуалды IT шешім кеден саласын ашық етіп, логистиканы түгел автоматтандыруға септігін тигізеді.

*

2-7 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДА СЕЛ ЖҮРУІ МҮМКІН

ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ ОСЫЛАЙ ХАБАРЛАДЫ

АРЫҚТАРДЫ УАҚЫТЫЛЫ АРШЫП, ӨЗЕН ЖАҒАЛАРЫН БЕКІТУДІ ЕСКЕРТТІ

2-7 шілде аралығында Қырғызстанның таулы аймақтарында сел жүруі мүмкін. Елдің төтенше жағдайлар министрлігі дауылды ескерту жариялады. Сондықтан арықтарды уақытылы аршып, өзендердің жағасын бекіту қажеттігі ескертілді.

*

ҚАНДАСТАРҒА БӨЛІНЕТІН КВОТА САНЫ 600-ГЕ КӨБЕЙТІЛМЕК

ТИІСТІ ВЕДОМСТВО ОСЫНДАЙ БАСТАМА КӨТЕРДІ

«АШЫҚ НҚА» ПОРТАЛЫНДА БҰЙРЫҚТЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қандастардың аймақтық квотасы 600 адамға көбейтілуі мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай бастама көтерді. Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Осылайша биыл 3 мың 33 қандасқа квота берілмекші. Бұйрық жобасы 16 шілдеге дейін талқыланады.

Хабарламаларға жазылу