Дайджест: Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дайджест: Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары

30.06.2024

2-4 ШІЛДЕДЕ СИ ЦЗИНЬПИН ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛЕДІ

БҰЛ ҚХР ТӨРАҒАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САПАРЫ

ОЛ ШЫҰ САММИТІНЕ ҚАТЫСАДЫ

СИ ЦЗИНЬПИННІҢ САПАРЫ

2-4 шілде күндері Қытай Халық Республикасының Төрағасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Ақорданың ресми сайты осылай хабарлады. Си Цзиньпин Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитіне қатысады.

*

АСТАНАДА ЭЛЕКТР САМОКАТПЕН ЖҮРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

БҰЛ ШЫҰ САММИТІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ УАҚЫТША ШЕКТЕУ

3-4 ШІЛДЕДЕ ПОЛИЦИЯ КҮШЕЙТІЛГЕН ЖҰМЫС РЕЖИМІНЕ КӨШЕДІ

САММИТ ҚАРСАҢЫНДА

Астанада 3-4 шілде күндері полицейлер күшейтілген режимге көшеді. ШЫҰ саммиті қарсаңында қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Сондай-ақ, шілденің 1-і мен 5-і аралығында электр самокатпен жүруге тыйым салынады.

*

ИРАНДА ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ 5 ШІЛДЕДЕ ӨТЕДІ

АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢДЕ ҮМІТКЕРЛЕР 50% АРТЫҚ ДАУЫС ЖИНАЙ АЛМАДЫ

ПРЕЗИДЕНТТІККЕ МАСУД ПЕЗЕШКЯН МЕН САИД ДЖАЛИЛИ ТАЛАСАДЫ

ИРАНДАҒЫ САЙЛАУ

Иранда президент сайлауының екінші кезеңі 5 шілдеге белгіленді. Кезектен тыс саяси науқанға қатысқан үміткерлердің ешқайсысы бірінші турда 50 пайыздан артық дауыс жинай алмаған. Екінші кезеңде Масуд Пезешкян мен Саид Джалили президенттікке таласады.

*

ТҮРКИЯДА ОРМАН ӨРТІ ӨРШІДІ

ҮШ ПРОВИНЦИЯ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ

ӨРТТІ СӨНДІРУГЕ ҚАТТЫ ЖЕЛ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУДЕ

ОРМАН ӨРТІ

Түркияда орман өрті өршіді. Измир, Чанаккале және Айдын провинцияларының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жаумен күресуге мыңдаған өрт сөндіруші, ауыр техникалар мен әуе күші жұмылдырылған. Өртті сөндіруге қатты жел кедергі келтіріп жатыр.

**

ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАҢБАЛАНАДЫ

ТЕМЕКІ ҚЫМБАТТАЙДЫ

КОЛЛЕКТОРЛАРҒА МОРАТОРИЙ

ӨЗГЕРІСТЕР


1 шілдеден дәрі-дәрмек таңбалана бастайды. Сонымен қатар темекі қымбаттайды. Зейнетақы жарналарын төлеу ережелері де өзгереді. Ал, 90 күннен асқан берешегі барларға кепілсіз тұтынушылық несие беруге тыйым салынып, өтелмеген несиелерді коллекторларға беруге екі жылдық мораторий енгізіледі.

Хабарламаларға жазылу